Өмірдің даналығы тұнған қазақ мақал-мәтелдері

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Терең су тыныш ағады, білімді адам кішпейіл болады», «Білім қайда болса да, ізденгенге табылар», «Бекер келген қазынадан, еңбекпен келген қозы артық» ... Өмірлік даналық пен қарапайым философияға толы қазақ мақал-мәтелдері шырақтарға немесе ағаш жолақтарға жазылып, алыс-жақыннан келген туристерді өзіне баурады.

Қазақтың қысқа да нұсқа мақал-мәтелдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, құнды мәдени мұра мен рухани байлыққа айналды. Олар өмір энциклопедиясы ғана емес, сонымен қатар ақындар айтысының да маңызды қайнар көзі. 2021 жылғы маусымда мақал-мәтелдер (қазақ мақал-мәтелдері) бесінші топтағы ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының ауыз әдебиеті санатындағы өкілдік жобалар тізіміне енгізілді.

Жергілікті халықтың өмірінде кең тараған халық ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қазақ мақал-мәтелдері қысқа да нұсқалығымен, тілге жеңілдігімен, бейнелілігімен ерекшеленеді. Олардың мағынасы терең, ғибраты мол. Онда Шыңжаңның әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, моральдық көзқарастары мен қағидаттары сіңіріліп, дәуірмен бірге дамып, «алтын тіл» аталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото