Бейжіңде «Серуен атты Әкбар Мәжитұлының экологиялық әдебиеттер жинағы» оқу алмасу отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 16 наурызда Бейжіңде «Серуен атты Әкбар Мәжитұлының экологиялық әдебиеттер жинағы» оқу алмасу отырысы өтті.

Атақты жазушы Ван Мэн, Қытай жазушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Циу Хуадун, «Серуен атты Әкбар Мәжитұлының экологиялық әдебиеттер жинағы» кітабының авторы Әкбар Мәжитұлы, «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы Чэн Шауу және «Қытай жазушысының» жауапты редакторы Ван Рон кітап оқу жиналысына келіп, осы жаңа кітап пен экологиялық әдебиеттер аясында шығармашылық пікір алмасты.

«Серуен атты Әкбар Мәжитұлының экологиялық әдебиеттер жинағы» атақты қазақ жазушысы, аудармашысы, редакторы Әкбар Мәжитұлы қаламынан туындаған экологиялық мәдениетке қатысты ондаған әңгімелер мен шалқымалардан тұрады. Әңгімелер жинағында асқар Тяньшань тауын, кең байтақ сахараны, Сайрам көлінің сұлу келбетін, адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүретін көріністерін аса шеберлікпен тартымды суреттеген. Әңгімелер жинағы жазушының экологиялық танымы мен орта өзгерісіне деген дәуір аттаған, мәдениет аралық ойларынан құрам табады.

Әкбар Мәжитұлы 1970 жылдардан бастап әдебиетке келген. Ол «Нұрман қарт және оның тазысы» атты тырнақ алды туындысы үшін Ұлттық көрнекті әңгімелер силығын жеңіп алған. Ол Қытайдағы этникалық азшылық әдебиеті өкілдерінің бірі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото