Си Цзиньпин қоңырау шалып, Путинді Ресей Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 наурызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қоңырау шалып, Путинді Ресей Федерациясының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Си Цзиньпин соңғы жылдары орыс халқы бірігіп, қиындықтарды жеңіп, ұлттық даму мен жандану жолында тұрақты прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Сіздің қайта сайлануыңыз орыс халқының сізге деген қолдауын толық көрсетеді. Сіздің басшылығыңызбен Ресей ұлттық даму мен құрылыста үлкен жетістіктерге жете алады деп сенемін. Қытай Қытай-Ресей қатынастарының дамуына үлкен мән береді және Жаңа дәуірде Қытай-Ресей жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық серіктестігінің тұрақты, салауатты, орнықты және терең дамуына ықпал ету, екі ел мен олардың халқына бақыт жарату үшін Ресеймен тығыз байланыста болуға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото