Қытай Халық банкі Қытайға келген шетелдіктерге арналған «Қытайдағы шетелдіктерге арналған төлем нұсқаулығының» ағылшын тіліндегі нұсқасын шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14 наурызда Қытай Халық банкінің Wechat ресми парақшасында «Қытайға келген шетелдіктерге арналған төлем нұсқаулығы» («Guide to Payment Services in China») атты мақала жарияланды. Онда әртүрлі төлем қызметтерінің сатып алу әдістері мен пайдалану процестері таныстырылған.

Осы нұсқаулыққа сәйкес, Қытайдағы шетелдіктер мобильді төлем, банк карталары және қолма-қол ақша сияқты бірқатар төлем қызметін таңдай алады. Олардың ішінде банктік карталар бойынша, егер сізде Unionpay, Visa, Mastercard және т.б. белгілері бар банк картасы болса, сіз картамен төлемді тиісті қабылдау логотипі бар дүкендерде жасай бересіз. Егер логотип болмаса, кассирден картамен төлем жасау үшін қолыңыздағы банк картасын пайдалануға бола ма, болмай ма, соны сұрайсыз. Егер сізде Unionpay картасы болса, оны Қытайдағы банктік карта төлемдерін қабылдау терминалдары бар барлық сауда орнында пайдалана аласыз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото