Есеп: Қытайлықтардың орташа ұйқы уақыты 6,75 сағатты құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 16 наурызда Қытайдың ұйқыны зерттеу қауымдастығы «Қытай тұрғындарының ұйқысының салауаттығы туралы 2024 жылғы ақ түсті кітап» шығарды. Онда тұрғындардың түнде ұйықтау уақыты жалпы қысқа екендігі айтылған. Ұйқының орташа ұзақтығы 6,75 сағатты құрайды, яғни халықтың 28%-ының түнгі ұйқысы 6 сағаттан аспайды.

Сауалнамалар мен зерттеулер көрсеткендей, сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы түнгі сағат нөлден кейін ұйықтайды. Ал жастар түн асырып ұйықтаушылардың белді буыны. «2000 жылдан кейін туылғандар» орта есеппен 00:33 мөлшерінде ұйқыға бас қояды, ал «70 жылдардан бұрын туғандардың» ұйықтау уақыты 23:02.

Сонымен қатар, есепте 64% адамның ұйқысы нашар екені көрсетілген. Сауалнамаға қатысқан топтағы адамдардың көпшілігінде ұйқының бұзылуы кездескен. Ұйқының бұзылу себебі: түнде ояну/ерте ояну, ұйқы келмеу және т.б.

Сонымен қатар, баяндамада сауалнамаға қатысқандардың арасында ұйқысыздық мәселесі де мәз емес. Адамдардың 59%-ында ұйқысыздық белгілері бар. Ал ұйқысыздық мәселесі мүлдем жоқ адамдар тек 19%-ды иелейтіні көрсетілген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото