Шанхай мобильді төлемдерді тұтыну бойынша ең танымал қалалардың біріне айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Alipay 19 наурызда статистика жариялап, 2023 жылдың төртінші тоқсанында Шанхайдағы шетелдік тұтынушылар «шетел картасын ішкі байланыстыру» және «шетел әмиянын ішкі пайдалану» арқылы жүзеге асыратын мобильді төлем операцияларының көлемі сол жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13 есеге өскенін хабарлады. Шанхай шетелдік туристер үшін мобильді төлемдерді тұтыну бойынша ең танымал қалалардың біріне айналды. Тамақтану, көлік, супермаркеттер - 2023 жылы Шанхайдағы шетелдік туристер үшін мобильді төлемдерді тұтынудың ең танымал үш алаңы.

«Шетел картасын ішкі байланыстыру» Қытайға келетін шетелдіктердің Visa және MasterCard сияқты ірі банк-карта ұйымдары шығарған шетелдік банк карталарын отандық төлем құралдарымен байланыстыруын білдіретіні түсінікті; «Шетел әмиянын ішкі пайдалану» Қытайға келетін шетелдіктер, әдетте шетелде төлем жасау үшін пайдаланылатын электрондық әмиян қолданбаларын төлем үшін тікелей пайдалануды білдіреді. Қазіргі уақытта Қытайда төлем жасау үшін тікелей сканерлеуге болатын 10 шетелдік электрондық әмиянға мыналар кіреді: AlipayHK (Сянган, Қытай), Touch'n Go eWallet (Малайзия), Kakao Pay (Оңтүстік Корея), Mpay (Аомэнь, Қытай), HiPay (Моңғолия), Changi Pay (Сингапур), OCBC Bank (Сингапур), Naver Pay (Оңтүстік Корея), Toss Pay (Оңтүстік Корея), TrueMoney (Таиланд).

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото