Қытайда жасанды интеллект компаниясының саны 4400-ден асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Интернет желісінің ақпараттық орталығы (CNNIC) 22 наурызда Бейжіңде 53-ші «Қытайдағы интернеттің дамуы туралы статистикалық есепті» жариялады. Деректер Қытайдағы жасанды интеллект компаниясының саны 4400-ден асқанын көрсетеді. Негізгі салалардағы трансформация қарқыны үнемі жеделдеп келеді. 2023 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша 421 ұлттық демонстрациялық зауыт, 10 000-нан астам провинция деңгейіндегі цифрлық шеберханалар мен смарт зауыттар жетілдірілді. Ірі ұшақтар, жаңа энергетикалық көліктер және жоғары жылдамдықты ЭМУ салаларындағы демонстрациялық зауыттардың өндіріске кірісу циклі орта есеппен шамамен 30%-ға қысқарды, ал өндіру тиімділігі шамамен 30%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото