Мемлекеттік Кеңестің премьер-министрі Ли Цян 2024 жылғы Қытай дамуының жоғары деңгейдегі форумында бағдарламалық сөз сөйледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 наурыз

25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік Кеңестің премьер-министрі Ли Цян 24 наурыз күні Бейжіңде өткен 2024 жылғы Қытай дамуының жоғары деңгейдегі форумының жоғары деңгейдегі ашылу салтанатына қатысып, бағдарламалық сөз сөйледі.

2024 жылғы Қытай дамуының жоғары деңгейдегі форумы 24-25 наурыз аралығында өтіп жатыр. Форумның тақырыбы - «Қытайдың баянды дамуы».

Ли Цян Қытайдың жоғары сапалы дамуға жәрдемдесу және әлемдік экономиканың қалпына келіп, тұрақты дамуына көбірек сенімділік пен оң нәтиже әкелу үшін прагматикалық және тиімді шаралар қабылдайтынын айтты.

Қытай ғылыми және технологиялық инновацияларға негізделген инновациялық өндірісті дамытуға жәрдемдесуді жалғастырады. Жоғары сапалы жаңа өндіргіш күшін дамытуды жеделдетіп, жасыл трансформацияға ықпал етеді. Сырқат түрін де, оның себебін де емдейтіні сияқты, әртүрлі, жасырын қауіптердің алдын алып, шешеді.

Премьер-министр Қытай бірінші дәрежелі халықаралық бизнес ортасын құру, нарықтандыру, заңмен басқаруды ұстану, түзімнің ашықтығын тұрақты түрде ілгерілету, ашықтықтың жоғары деңгейімен әлемаралық байланысты орнату үшін сапалы жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото