Ресейде «Крокус» концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысушыларға айып тағылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 наурыз

Ресейдің Тергеу комитеті 137 адам мерт болған «Крокус сити холл» концерт залында жасалған террористік актіге қатысуы мүмкін күдіктілерге айып тақты деп жазды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі күдіктілерді тұқындау туралы ұсыным түскен Басман сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Рачабализода Саидакрами Муродали мен Мирзоев Далерджон Баротовичке 3 бап, «б» бөлігі мен 205 тармақшасы бойынша (адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау) айып тағылды»,-делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айыпталушы екі адамды да сотқа Федералды қауіпсіздік қызметінің арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері алып келді. Сот отырысы тергеу құпиялылығын сақтау мен сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық режимде өтеді.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында камуфляж киген адамдар ғимарат ішінде жүрген адамдарға оқ жаудырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото