Қазақстан Мемлекет басшысы бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 наурыз

Қазақстан Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты деп жазды ҚазАқпарат.

«ҚР Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады. Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты» — делінген хабарламада.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото