ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектено Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 наурыз

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды деп жазды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото