Қытайда 851 миллион 5G пайдаланушысы бар

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінен еліміздің телекоммуникациялық бизнесі жылдың алғашқы екі айында тұрақты түрде өскенін білді. Ақпан айының соңындағы жағдай бойынша 851 миллион 5G ұялы телефон пайдаланушысы болды, бұл ұялы телефон пайдаланушыларының жалпы санының шамамен 50%-ын құрайды; 5G базалық станцияларының жалпы саны 3,509 миллионға жетті, бұл өткен жылдың соңындағыдан 132 000-ға көп.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото