Си Цзиньпин мен Гондурас Президенті Қытай-Гондурас дипломатиялық қатынасына бір жыл толуына орай өзара құттықту жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Гондурас Президенті С.Кастро екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына бір жыл толуына орай құттықтау хаттарымен алмасты.

Си Цзиньпин өткен жылдың наурыз айында Қытайдың Гондураспен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа тарауын ашқанын атап өтті «Өткен маусымда Президент ханым Қытайға мемлекеттік сапарын сәтті өткізді. Біз келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды консенсусқа қол жеткіздік. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі бір жылда екі тарап өзара сыйластық, теңдік және өзара тиімділік, ортақ даму қағидаттарын ұстанып, екіжақты қатынастарды жоғары деңгейде бастауға ықпал етті. Гондурас «Бір Қытай» қағидатын берік ұстанады, мен оны жоғары бағалаймын»,- деді Төраға.

Си Цзиньпин былай деді: «Фактілер Қытай мен Гондурас арасында дипломатиялық қатынастар орнату тарихтың беталысына сәйкес қабылданған және екі ел мен олардың халқының негізгі мүдделеріне сәйкес келетін дұрыс саяси шешім. Мен Қытай-Гондурас қатынастарының дамуына үлкен мән беремін. Президент С.Кастромен бір ниетте болып, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының біржылдығына орай өзара қолдауды бекемдеу, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту және Қытай-Гондурас қатынастарының жақсы болашағын бірлесіп құруға дайынмын».

С.Кастро Қытайдың мыңжылдық өркениеті бар ел екенін және тарих барысында үлкен рөл атқарғанын айтты. «Қытай әлем үшін үлгі және Гондурас үшін маңызды серіктес. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі бір жылда біз Қытайдың инновация мен дамуға деген ұмтылысының куәсі болдық. Жаһандық мәселелердің шешімдерін талқыладық және жаһандық кедейліктің төмендеуіне айтарлықтай үлес қостық. Гондурас «Бір Қытай» қағидатын берік ұстанады, Қытаймен тәуелсіз және өзара сыйластық қарым-қатынасты дамытуға дайын. Екі тарап халқы арасындағы достықтың мәңгілік болуын тілеймін»,- деді Гондурас Президенті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото