Бейжіңде Гуансидің «33 тұтыну мерекесі» басталады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде 2024 жылғы Гуансидің «33 тұтыну мерекесі» және Гуансидің жергілікті өнімдерін таныстыру сынды бір қатар іс-шаралар ресми басталады.

«33 тұтыну мерекесі» - Гуанси өлкесі «3 наурыз» ұлттық дәстүрлі мерекемен бірге құрған тұтынуды ілгерлетудің кешенді іс-шарасы.

Гуанси тұтыну бұйымдарының сапасын жақсартуға, тұтыну ыңғайлылығын арттыруға және тұтыну тәжірибесін жақсартуға баса назар аударды және іс-шарада Гуансидің тұтыну тауарларына арналған көнесін жаңаға айырбастау сенімділік тұтыну саясаты жарияланады.

Гуанси сонымен бірге China Unionpay компаниясымен бірігіп, Гуансидегі шетелдіктердің төлеу процесін жеңілдету үшін алғаш рет шетелдік банкте Гуансидің атымен аталған Unionpay картасын шығарады.

Гуанси үкіметі шай, автомобиль, шарап және жеміс-жидек сияқты негізгі жергілікті салаларға назар аударады және Гуансидің «Gui бренді» мен «lao бренді» сынды брендтерін ілгерілетуге баса назар аударады.

Сонымен қатар 10 миллионнан астам жанкүйері бар бас электронды коммерция жүргізушісі арнайы тікелей эфирде тауар сататын болады.

Іс-шара онлайн «Халық Газетінің» Douyin парақшасында және онлайн «Халық Газеті» бейнебаян парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото