Азиядағы экономикалық өсу қарқыны биыл 4,5% -ға жетеді деп күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурызда Боао Азия Форумының 2024 жылғы дәстүрлі отырысы ашылды. Бірінші болып баспасөз конференциясы және соңғы екі флагмандық баяндама – «Азияның экономикалық перспективалары және интеграциялық үдерістің 2024 жылдағы баяндамасы» мен «Азия мен әлемнің тұрақты дамуының 2024 жылдағы баяндамасы» жарияланды. Баяндамада Азияның экономикалық өсімі биылғы жылы да жоғары өсу қарқынын сақтап қалатыны және 2023 жылдағыдан жоғарылап, 4.5%-ға жетуі болжанғаны айтылған. Азия әлемдік экономикаға ең көп үлес қосатын аймақ болып қала береді. 2024 жылы Азия елдері жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) әлемдік үлесі 49%-ды құрайды деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото