- Барлық ақпарат
Қорғас портының импорт-экспорт жүк көлемі алғашқы екі айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға өсті
27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қорғас кеденінен алған ақпаратына сәйкес, осы жылдың алғашқы екі айында Қорғас портының импорттық және экспорттық жүк көлемі 6,906 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға өскен.
Алғашқы екі айда Қорғас портына әкелінетін негізгі тауарлар өңделмеген мыс және мыс материалдары, металл рудасы мен кен құмдары, азық-түлік және т.б. болды. Ал негізгі экспортталатын тауарлар механикалық және электрлік бұйымдар, киім-кешек пен аксессуарлар, жоғары технологиялық бұйымдар және т.б. болды.
Қазіргі уақытта Қорғас портындағы сауданың әртүрлі әдістері тұрақты дамып жатыр, тауарлардың импорты мен экспортын кедендік рәсімдеуді жеңілдету деңгейі одан әрі жетілдіріліп жатыр. 6 наурызда Қорғас тасжолы портына ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша «тікелей өту» жұмыс режимі енгізілді. Порттағы ауылшаруашылық және қосалқы өнімдерді экспорттауға арналған кедендік рәсімдеу басқышы 12 тармақтан 4 тармаққа дейін қысқарды, кедендік рәсімдеу уақыты 40%-дан астамға үнемделді.
Қорғас Haocheng халықаралық зат тасымал компаниясының бизнес басшысы Лю Цян қазіргі уақытта портта жергілікті кедендік декларациялау, интеграцияланған декларациялау және тікелей транзит сияқты кедендік ресімдеудің әртүрлі режимдері бар екенін айтты. Бұл компанияға тұтынушылар үшін кедендік рәсімдеудің ыңғайлы шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Осы жылдан бастап компания тасжол тасымалы арқылы 1500-ден астам коммерциялық көлік құралдарын экспорттады, сауда көлемі 300 миллион юаньнан асады.
people.cn © People's Daily Online