Си Цзиньпин Халық Азаттық Армиясының екі офицеріне генерал шенін берді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 наурыз

29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 28 наурыз күні Халық Азаттық Армиясының екі офицеріне генерал шенін берді. Си Цзиньпин оларға бұйрық сертификатын табыс етті.

Бұл жолы генерал шеніне көтерілген офицерлер: Орталық Әскери комитеттің Саяси және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің хатшысы Ван Рэньхуа және Ұлттық Қорғаныс университетінің басшысы Сяо Тяньлян.

Генерал шені - міндетін өткеріп жатқан қытайлық сарбаздардың ең жоғары әскери атағы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото