Қытаймен қайта жүздесу / Гуансидегі шетелдік тілшілер: күн сайын жаңа байқау

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 наурыз

29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Халықаралық жаңалықтар алмасу орталығының шетелдік тілшілер делегациясы Гуанси Чжуан ұлты автономиялық регионында «Қытайға сапар шеккен шетел тілшілері - Қытай стиліндегі модернизацияның Гуансидегі тәжірибесін көру» тақырыбында тілшілік сапар жасады. Грузиядан келген Кэтрин Гулуа 20 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі журналист, Грузиядағы «Мутавари» медиа орталығының негізін қалаушы және директоры. Кэтринмен бірге Танзаниядан келген жас тілші Абубакар Харси сапарлас болды. Кэтрин мен Абубакар өткен жылы Қытайда танысқан. Олар бірге 2023 жылдың қазан айында Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық саммитінің үшінші форумынан ақпарат таратуға қатысқан болатын. Гуансидегі бұл сапар олардың екінші рет кездесуі. Әдемі Мяоджайды аралау, ғылым мен техникаға толы автомобиль шығаратын базаны көру, жаңбырдан кейін Гуилин көшелерімен серуендеу... Қытайға қайта келгенде, олар үнемі жаңалықтарға кездесіп отырғанына таң қалды. Олар Бейхайда, Лючжоуда және Гуилинде көргендері мен сезгендерін қаламмен және камерамен естелікке алып, жергілікті өнеркәсіптер мен әдет-ғұрыптардың дамуы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Тілшілер осы әдіс арқылы көбірек адамдарға осынау шексіз мүмкіндіктерге толы Қытай елі туралы ақпарат жеткізуді үміт етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото