Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 сәуір

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты деп жазды ҚазАқпарат.

Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.

Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото