Қазақстанның су басқан өңірлерінде 115 мың оқушы қашықтан білім алуға мәжбүр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 сәуір

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларға «Дарын» және НЗМ мектеп-интернаттарында оқу процесі қамтамасыз етіледі. Бұл жайында ҚР Үкіметітң баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында ҚР вице-премьері Тамара Дүйсенова механизмдер туралы толығырақ айтып берді.

Қазір 115 мың оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото