Майса жетілдіруді 3D баспасымен орындауға мүмкіндік болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 сәуір

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Хунань өлкесінің Юэян қаласы, Гунтянь қалашығындағы Сидун ауылшаруашылық техникасы кәсіптік кооперативінің басшысы Ян Хунбо биылғы көктемгі егіске арналған астықтың соңғы партиясын «басып шығарумен» айналысып жатыр.

(Сурет интернетен алынды)

Ол «бастау» түймесін баса сала, 3D басып шығару қондырғысының екі жағындағы орамдар жұмыс істей бастады. Ақ майса тақтасының орамы жайылғаннан кейін оны дән сепкіштің бір шетінен екінші шетіне қарай жылжыта бастайды. Жоғарыдағы тесіктен құлаған дәндер қағаз тақтаға жеуге жарамды желіммен қатарға жайылған нүкте тәрізді бірден мықтап жапыстырылды. Жеуге жарамды желім Моюй деп аталатын картоп текті өсімдік ұнтағынан жасалған, ол экологиялық таза ғана емес, сонымен қатар жабысқақтығы жоғары. Қағаз орамға желімделмеген дән тұқымдары төмендегі себетке түсіп, қайтадан жиналып, себіледі.

(Сурет интернетен алынды)

2018 жылы Ян Хунбо Хунань ауылшаруашылық университетінің «3D баспасымен тұқым себу» технологиясын енгізді. Бұл технология тұқымның өну жылдамдығын және трансплантатордың көшеттерді алу дағдысына толығымен бейімделеді, осылайша көшеттердің біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін астық тұқымдары көшет қағазына дәл орналастырылады.

Бірнеше жылдық тәжірибеден кейін Ян Хунбо «3D баспасымен тұқым себудің» табыстылығы 90%-дан астамға жететінін анықтады. Дәстүрлі майса жетілдірумен салыстырғанда, бір гектарға пайдаланылатын тұқым мөлшерінің үштен бірі үнемделеді. Сонымен қатар бұл технология майсалардың сапасын арттырып, бір гектарға өнімділікті 15%-дан астамға арттыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото