Қытай үстеме құны бар телекоммуникациялық қызметтердегі шетелдік капиталдың үлесіне шектеулерді пилоттық түрде алып тастайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 сәуір

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі сайтының 10 сәуірдегі жаңалықтарына сәйкес, Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі мақұлданған пилоттық өңірлерде кейбір қосылған құны бар телекоммуникациялық қызметтердегі шетелдік капиталдың үлесіне шектеулерді алып тастау туралы құжатты ұсынды.

Аталмыш телекоммуникациялық қызметтерге мыналар жатады: интернет-деректер орталығы (IDC), мазмұнды тарату желісі (CDN), интернетке қол жеткізу қызметі (ISP), деректерді және транзакцияларды онлайн өңдеу, сондай-ақ ақпараттық баспа платформасы және ақпараттық саладағы жеткізу қызметтері (интернет жаңалықтары мен ақпараттары, онлайн-баспа, онлайн аудиовизуалды және интернет мәдениетін басқаруды қоспағанда), ақпаратты қорғау және өңдеу қызметтері бизнесі.

Бұл пилоттық бағыттар: Бейжіңдегі қызмет көрсету саласын кеңейту және ашу үшін кешенді демонстрациялық аймақ, Шанхайдағы пилоттық Еркін Сауда Аймағының Линган Жаңа аумағы мен социалистік модернизацияның жетекші аймағы, Хайнань Еркін Сауда порты, Шэньчжэньдегі Қытайлық сипаттамалары бар социализм үшін жетекші демонстрациялық аймақтар болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото