Соңғы жылы Қазақстанның солтүстігінен 170 мың адам көшіп кетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 сәуір

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Солтүстік аймақтарында халықтың азаюы байқалады. Соңғы жылды айтсақ, солтүстіктегі сегіз аймақтан шетелге 170 мың адам көшіп кетті. Мұның бірнеше себебі бар. Бұл этномәдени себептер, осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мәселелер, - деді ол.

Ақмәди Сарбасов оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға арналған бағдарламалар жөнінде айтты.

Бір бағдарлама бойынша осы жылдар оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге 59 мың адам көшіп келді -, деді ол.

ҚР Вице-министрі осы іс-шаралардың арқасында қоныс аударған халықтың 40 пайызы толықтырылғанын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото