Бірінші тоқсанда Қытайда автомобиль өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 6,4% және 10,6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 сәуір

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуірде тілшінің Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығынан алған ақпаратына сәйкес, қаңтардан наурызға дейін Қытайда автомобиль өндірісі мен сатылымының көлемі сәйкесінше 6,606 және 6,72 миллионға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 6,4% және 10,6% өскен.

Деректер Қытайдың жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Үстіміздегі жылдың қаңтар- наурыз аралығында Қытайда жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 2,115 және 2,09 миллионға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 28,2% және 31,8%-ға өсіп, нарықтағы үлесі 31,1%-ға жетті.

Қаңтардан наурызға дейін Қытай 1,324 миллион автомобиль экспорттап, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,2%-ға өсті. Оның ішінде 307 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Сөйтіп бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото