135-інші Кантон жәрмеңкесінің ашылуына 29000 компания қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 135-інші импорт және экспорт жәрмеңкесі (Кантон жәрмеңкесі) 15 сәуірде ашылды. Тілшінің Қытайдың Сыртқы Сауда орталығынан алған ақпаратына сәйкес, Кантон жәрмеңкесіне қатысушылардың саны биыл 29 000-ға жеткен. Оның ішінде 28 600 экспорттық және 680 импорттық көрме бар.

Есептерге сәйкес, биылғы жылы Кантон жәрмеңкесі сауданың жаңа форматын енгізді және алғаш рет сынақ түрінде 3000 шаршы метр аумақты алып жатқан трансшекаралық электрондық коммерцияның кешенді пилоттық аймағы мен шетелдегі қоймаларды көрсету аймағы құрылды. Онлайн платформа трансшекаралық электрондық коммерция үшін 165 кешенді пилоттық саланы ілгерілетуге бағытталған.

Биылғы Кантон жәрмеңкесінде импорттық көрменің алаңы 30 000 шаршы метрді құрап, көрмеге 680 халықаралық компания қатысты. Қатысушылар 50 ел мен аймаққа дейін кеңейтілді. Оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» елдерінен қатысқандар 64% -ды құрады.

13 сәуірдегі жағдай бойынша 215 ел мен аймақтан 144 000 шетелдік сатып алушылар алдын ала тіркелді. Олардың ішінде Америка құрама штаттары 21,4%-ға, ЭЫДҰ елдері 13% - ға, Таяу Шығыс елдері 24,7% - ға, «Бір белдеу, бір жол» елдері 45,9% - ға, RCEP елдері 15,5% -ға өсті. Жәрмеңкеге 288 жетекші компаниялар мен өнеркәсіптік және коммерциялық мекемелер қатысатынын растады. Бұл алдыңғы жәрмеңкенің сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,5% - ға артық.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото