Екінші реткі Халықаралық коммуникация бойынша «Жібек жолы сыйлығына» шығарма қабылдау жұмысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 12 сәуірде «Бір белдеу, бір жол» баспасөз ынтымақтастығы альянсы ұйымдастырған және альянстың басқарма төрағасы People’s Daily-дің жетекшілігімен өтетін екінші Халықаралық коммуникация бойынша «Жібек жолы сыйлығы» шығарма қабылдау жұмысы ресми басталды.

Халықаралық коммуникация бойынша «Жібек жолы сыйлығы» «Бір белдеу, бір жол» баспасөзі ынтымақтастығы альянсының негізгі бренд іс-шарасы саналады. Ол бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен инклюзивтілікті, өзара үйренуді, өзара тиімді ортақ ұтысқа жетуді көздейтін «Жібек жолы рухын» алға жылжытуға бағытталған. Ол «Бір белдеу, бір жол» елдері мен аймағындағы ақпарат-медиа ұйымдарын бір-бірінен үйренуге, «Бір белдеу, бір жол» хикаятын бірге баяндауға, «Бір белдеу, бір жол» дауысын бірлесіп таратуға ынталандырады.

Екінші реткі Халықаралық коммуникация бойынша «Жібек жолы сыйлығы» марапаттарының төрт санаты бар, олар: «Үздік репортаж» сыйлығы, «Үздік фотосурет» сыйлығы, «Үздік видео» сыйлығы және «Үздік инновация». Әр номинация бойынша 1 бас жүлде, 4 номинация және қысқа тізімге енген 10 сыйлық беріледі. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бірлескен құрылысын қолдайтын, Жібек Жолының рухын жеткізетін, өркениеттер алмасуы мен өзара оқытуды бейнелейтін, тағдыры ортақ адамзат қоғамдастығын құру тұжырымдамасына сәйкес келетін және халықаралық деңгейде жақсы әсер ететін жұмыстар мен нысандар бағалауға қатыса алады. Қатысушы жұмыстарды шетелдік тарап дайындаған болса немесе Қытай мен шет ел бірлесіп шығарған және шетелдік платформаларда таратылған болса бағалауға қатыса алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото