Қытай жеті жыл қатарынан ең ірі тауар экспорттаушы ел болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің жақында Сауда министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, 2023 жылы Қытайдың импорты мен экспорты 5,94 триллион АҚШ долларын құрап, жеті жыл қатарынан тауар саудасындағы ең ірі ел мәртебесін сақтап қалды.

Дүниежүзілік сауда ұйымы жергілікті уақыт бойынша 10 сәуір күні 2023 жылғы тауарлардың жаһандық саудасы туралы мәліметтерді жариялады. Деректер тауарлардың әлемдік экспорты соңғы үш жылда алғаш рет төмендегенін көрсетті.

2023 жылы Қытай экспорты 3,38 трлн АҚШ долларын құрса, ал оның халықаралық нарықтағы үлесі 14,2%-ға жетті. Бұл 2022 жылғы деңгеймен бірдей болып, 15 жыл қатарынан әлем бойынша бірінші орынды сақтап қалды. Ал импорт үлесі 2,56 трлн АҚШ долларын құрап, халықаралық нарықтағы үлесі 10,6%-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда шамалы өсті, әрі 15 жыл қатарынан әлемдегі екінші орынды сақтады.

Сауда министрлігінің Сыртқы сауда департаментінің жауапты тұлғасы импорт пен экспорт нарығының тұрақты үлесі өндіріс пен жеткізу тізбегінің интеграциясын қолдаудың артықшылықтарына және үздіксіз инновациялар енгізу қабілетіне сүйене отырып, еліміздің түрлі жоғары сапалы өнімдерін халықаралық нарық қуана қабылдап отырғанын көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото