ШЫҰ-ның Астана саммитінің қорытындылары ұйым қызметін одан әрі жетілдіру мен жаңғыртудың бастапқы нүктесі болады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев 19 сәуірде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатында басым орынға ие екенін айтты.

«Қазақстан ШЫҰ-ның кезекті төрағасы болған кезде болашағы бар және тиімді бастамалар мен ақпараттық іс-шараларды ұсына отырып, ұйымның күн тәртібін одан әрі байыту жоспарланып отыр» деді елші мырза.

4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында Ұйымның маңызды шешімдері қабылданады. Бірқатар құжат бекітіледі.

Сонымен қатар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесі отырысының маңызды мазмұнының бірі Беларусь Республикасына мүше мемлекет мәртебесін беру арқылы ШЫҰ-ның керегесін кеңейтеді.

«ШЫҰ-ның Астанадағы саммитінің нәтижелері ұйым қызметін одан әрі жетілдіру мен жаңғыртудың бастапқы нүктесі болады деп сенемін».

Сонымен қатар Астана Саммитінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысының (Қазақстан өкілі) және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық терроризмге қарсы органы атқарушы директоры (Қырғызстан өкілі) кандидаттарын бекітеді. Олардың өкілдік мерзімдері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін болады.

«Біздің серіктестеріміздің қолдауымен Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырысын жоғары деңгейде өткізіп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кезекті төрағалығын дос ел Қытайға тапсырады деп сенемін»-, деді елші.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото