Бірінші тоқсанда Қашқар аймағындағы сыртқы сауданың ауқымы Шыңжаңда бірінші орынға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 сәуір

23 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қашқар кеденінен алған ақпаратына сәйкес, бірінші тоқсанда Қашқардағы сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 25,25 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,4%-ға өскен. Сөйтіп, Шыңжаңның барлық аймақтары мен қалаларында бірінші орынға көтерілді. Бұл Қашқар аймағының тарихында бірінші рет сәйкес кезең бойынша сыртқы сауда импорты мен экспортының көлемінің 25 миллиард юаньнан асуы. Осы жылдан бастап Қашқардағы Сыртқы сауда кәсіпорындары тапсырыстарды алу және нарықты кеңейтуді жиілетіп, сыртқы саудадағы «достар шеңбері» барған сайын ұлғайды. Бірінші тоқсанда Қашқарда импорт пен экспорттың 182 елі мен аймағы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46-ға көп.

Қашқардың Кедендік статистикасына сәйкес, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан Қашқардың сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және осы үш елдің импорты мен экспортының жалпы құны Қашқардың импорты мен экспортының жалпы құнының 46,3%-ын құрайды. Вьетнамға, Малайзияға, Таиландқа және басқа да дамушы нарықтарға импорт пен экспорттың құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 112,9 есе, 204,2 есе және 19,6 есе өсті. Осы кезеңде RCEP-дің (Аймақтық Кешенді Экономикалық Серіктестік Туралы Келісім) басқа мүше мемлекеттеріне импорт пен экспорттың құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,8 есе өсті. Қытайдың Қашқар аймағынан «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге импорт пен экспорттың құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,2%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото