Хань Чжэн Қазақстан Парламенті мәжілісінің төрағасы Е.Қошановпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 сәуір

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 24 сәуірде ҚХР Төрағасының орынбасары Хань Чжэн Бейжіңде Қазақстан Парламенті мәжілісінің төрағасы Е.Қошановпен кездесті.

Хань Чжэннің айтуынша, өткен жылы Төраға Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен екі рет кездесіп, тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығын құруға жаңа қадам жасады. Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы «Алтын 30 жылдың» жаңа кезеңін ашты. Қытай екі мемлекет басшыларының маңызды консенсусын жүзеге асырып, екіжақты негізгі мүдделер мен өзекті мәселелерге қатысты салалар бойынша бір-бірін берік қолдау үшін Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысын Қазақстанның жаңа экономикалық саясатымен ұштастыруды тереңдетіп, Қытай-Қазақстан Ынтымақтастығы комитетінің жалпы үйлестіру рөлін толық орындайды. Басты салалардағы бірлестікті нығайтады және мәдени алмасуларды молайтады; көпжақты ынтымақтастықты бекемдеп, жаһандық даму бастамаларын, жаһандық қауіпсіздік және жаһандық өркениет бастамаларын жүзеге асыруды ілгерілету арқылы шынайы көпжақтылық қатынасты жүзеге асырады.

Ерлан Қошанов биыл Қазақстан Мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 32 жыл толғанын айтты. «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы тұрақты, жан-жақты стратегиялық серіктестікке дейін жаңартылды. Қазақстан Қытаймен прагматикалық ынтымақтастықты нығайтуға, халықтар достығын тереңдетуге, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың үздіксіз дамуына жәрдемдесуге дайын»,- деді Е.Қошанов.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото