Үкімет Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқыны мен табиғи апаттардың алдын алуды қолдау үшін 110 миллион юань бөлді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 сәуір

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 24 сәуірде оңтүстік Қытайда және басқа аймақтарда жауған нөсер мен су тасқынына төтеп беру үшін Қаржы министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі Цзянси, Гуандун және Гуанси өлкелерінде (регионда) су тасқыны мен табиғи апаттардың алдын алуды қолдау үшін шұғыл түрде 110 миллион юань - Орталықтың табиғи апаттардан құтқару қаражатын бөлді. Жергілікті үкімет органдары қаражатты іздестіру-құтқару, зардап шеккендерді тасымалдау және орналастыру, эвакуациялау және қатерлерді жою, қайталама апаттардың жасырын қауіптерін тексеру және шұғыл жою секілді әрекеттерді орындауға жұмсайды. Сондай-ақ бүлінген үйлерді жөндеу сияқты төтенше жағдайларды жоюға баса назар аудара отырып, бұл қаражат зардап шеккендерді шұғыл құтқару және жұмыс түрлерін үйлестіру үшін пайдаланылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото