«Экспортталатын тауарлардың тым көп болуы = артық өндіріс» деген тұжырым толығымен қисынсыз

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 сәуір

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа энергетикалық көліктерге, литий батареяларына және фотоэлектрлік өнімдерге келетін болсақ, Қытайдың «жаңа үштік» өнімдерінің экспорты өткен жылы алғаш рет триллион юаньнан асып, шамамен 30%-ға өсті. Халықаралық экономикалық қауымдастықтағы көптеген тұлға Қытайдың «жасыл» трансформацияны ілгерілетуін жоғары бағалады. Алайда, Америка Құрама Штаттарындағы кейбір адамдар Қытайдың жаңа энергетика саласын «артық өндіріс» деп атап, «егер экспортталатын тауарлар тым көп болса, онда артық өндіріс туындайды», «Қытайдың өндірістік қуаты Қытайдың ішкі сұранысынан едәуір асып түседі, сонымен қатар әлемдік нарықтың қажеттілігінен асып түседі» деген қисынсыз пікірлерді айтты.

Мұндай тұжырым мүлдем орынсыз

Америка Құрама Штаттары сияқты Батыс елдеріндегі кейбір адамдардың логикасына сәйкес, егер бір елдің өндірістік қуаты өз сұранысынан асып кетсе, бұл «артық өндіріс» саналмақ. Америка Құрама Штаттары жыл сайын көптеген чиптерді, ұшақтарды, сояны және басқа да тауарларды экспорттайды, бұлай болғанда Америка Құрама Штаттарында да «артық өндіріс» бар болғаны.

Қытай экспорттаған жаңа энергетикалық тауарлар шынымен көп пе?

Өсу қарқынына қарағанда, соңғы екі жылда Қытайдың «жаңа үштік» өнімі бүкіл әлемде танымал болып, оның экспорты қарқынды дамып келеді. Дегенмен, пропорция тұрғысынан Қытайдың жаңа энергетикалық көліктерінің экспорты Германия, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерге қарағанда әлдеқайда төмен үлесті ұстайды. Мысалы, былтыр Германия 4,1 миллион автомобиль өндірді, оның 3,1 миллионы шетелге экспортталды, бұл экспорттың шамамен 80%-ы. Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері өткен жылы 9,587 миллион автомобиль өндірді және 1,203 миллион автомобиль экспорттады, бұл экспорттың сегізден бір бөлігін ғана құрайды.

Қытайдың «жасыл» өндірістік қуаты шынымен де «артық» па?

Нарықтық экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі - салыстырмалы, ал теңгерімсіздік әмбебап. Ұсыныс сұраныстан лайықты дәрежеде жоғары болғанда, бұл нарықтық бәсекелестікті ілгерілетуге, мықтылардың озып шығуына, технологиялық инновацияларды дамытуға және шығындарды азайтуға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға ең жақсы өнімдер мен қызметтерді төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

Баға - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын пайымдау үшін маңызды «таразы». Егер Америка Құрама Штаттарындағы кейбір адамдар айтқандай, «артық өндіріс» бар екені рас болса, Қытайдың халықаралық нарықтағы жаңа энергетикалық өнімдерінің бағасы әлі де төмен болуы керек еді. Фактке негізделсек, Қытайдың электромобильдер экспорты өскенімен, бағалары да өсіп жатыр. Қытайдың Еуропадағы жетекші электромобильдерінің орташа сату бағасы Қытайдан шамамен екі есе жоғары. Бағаның өсуі сұраныстың мол екенін білдіретіні анық.

Қазіргі уақытта Қытайдың үшінші және төртінші деңгейдегі қалалық және ауылдық нарықтарында жаңа энергетикалық көліктердің өсуіне әлі де көптеген мүмкіндік бар. Артық өндіріс мәселесін қарастырғанда, біз жаһандық перспективаға да мән беруіміз керек.

Халықаралық Энергетикалық агенттіктің бағалауы бойынша, 2030 жылы жаңа энергетикалық көліктерге әлемдік сұраныс 45 миллионға жетеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп; жаңа фотоэлектрлік қондырғыларға әлемдік сұраныс 820 ГВТ-қа жетеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп. Әлемдік нарықта жаңа энергетикалық өнімдер “артық” түгілі, әлі де тапшы! Жасыл өнімдердің маңызды өндірушісі ретінде Қытайдың белсенді қатыспауына ешқандай сылтау жоқ.

“Қытайды артық өндірді” деп айыптаудың артында сауда протекционизміның “қулығы” жатыр. Француз кәсіпкері Бертран: "Мұндай қауесеттің негізгі мәселесі артық өндірісте емес, бәсекеге қабілеттілікте жатыр. Кейбір Батыс елдері Қытайдың дамуы тым жылдам жүріп жатыр деп алаңдайды, сондай-ақ қытайлық компаниялар барған сайын бәсекеге қабілетті болып келеді, бұл олардың байланысты салалардағы үстем жағдайына қауіп төндіреді”, - дейді.

Жаһандық жаңа энергетика саласының дамуын сауда протекционизмі сияқты таяз тұжырыммен ауыздықтау - елдердің климаттың өзгеруіне төтеп беру және "жасыл" дамуға жәрдемдесу қабілетін әлсірететіні сөзсіз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото