ҚР Президенті Қытай Қорғаныс министрі Дун Цзюньмен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 сәуір

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 25 сәуір күні Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстанға ресми сапармен барған Қытай Қорғаныс министрі Дун Цзюньмен кездесті.

ҚР Президенті Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жоғары деңгейде екеніне, яғни арада тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын, – деді ҚР Президенті.

Дун Цзюнь соңғы жылдары Төраға Си Цзиньпин мен ҚР Президентінің стратегиялық басшылығымен Қытай-Қазақстан тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтты. Қазіргі уақытта аймақтық қауіпсіздік жағдайы күрделі жағдайға тап болып, «үш түрлі күш» белсенді бола бастады. Қытай Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға, бір-бірінің негізгі мүдделері мен негізгі мәселелерін қолдауға, ұлттық қауіпсіздікті берік қорғауға және өзекті аймақтық мәселелерді саяси шешуде сындарлы рөл атқаруға дайын екенін жеткізді. Қытай армиясы Қазақстанмен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруға және екі әскери қарым-қатынастың терең дамуына жәрдемдесуге дайын екенін айтты.

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Дун Цзюньнің Қазақстанға сапарын қарсы алу рәсімін өткізді. Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото