«Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» (2023 жылғы басылым) туралы» атты кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көріп, таратылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» (2023 жылғы басылым) туралы» атты кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын жақында Орталық құрастыру баспасы басып шығарды, сонымен бірге ел іші-сыртында таратты.

Кітапты Қытай Коммунистік партиясы орталық комитетінің партия тарихы және әдебиеті институты аударған. Кітапта Си Цзиньпиннің 2013 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қарашасы аралығындағы «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы туралы 78 маңызды қолжазбасы бар. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасын басып шығару және тарату шетелдік оқырмандарға «Бір белдеу, бір жол» ұғымдары, бастамалары, мақсаттары мен жетістіктері туралы терең түсінік алуға, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың «Бір белдеу, бір жол» туралы танымы мен түсінігін одан әрі арттыруға көмектеседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото