Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір

Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлады sputnik.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселесін талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Туристік пойыз "Үрімжі - Алматы-2" қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүреді.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото