«Конфуций ақлиялары кіріспесі» Қытай мен Франция арасындағы өркениеттер алмасуының куәсі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Францияға мемлекеттік сапармен барады.

Бес жыл бұрын, Төраға Си Цзиньпиннің Францияға мемлекеттік сапары кезінде Франция Президенті Эммануэль Макрон Төраға Си Цзиньпинге Францияда алғаш рет жарық көрген «Конфуций ақлиялары кіріспесі» кітабының француз нұсқасының түпнұсқасын ұсынып, ол: «Конфуцийдің идеясы Вольтер қатарлыларға қатты әсер етті және француз ағартушыларына құнды идеологиялық ағартушылық ойын сыйлады» деген болатын.

Озық идеяны бейнелейтін кітап уақыт пен кеңістікті еңсеріп, Қытай мен Францияның Шығыс және Батыс өркениеттерінің маңызды өкілдері ретіндегі өзара ризашылығы мен өзара үйренуінің жарқын тарихына куә болды.

Төраға Си Цзиньпин Францияға тағы да ат басын бұрмақшы. Бұл сапар Қытай-Франция қатынастарының жаңа тарауын ашып, Қытай мен Франция арасындағы өркениеттер алмасуына жаңа серпін беретініне сенеміз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото