Си Цзиньпин Франция, Сербия және Венгрияға мемлекеттік сапармен бару үшін Бейжіңнен аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 5 мамыр күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңнен арнайы ұшақпен жолға шықты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция Республикасының Президенті Э.Макронның, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтің, Венгрия Президенті Т.Шуйоктің және Премьер-министр В.Орбанның шақыруымен жоғарыда аталған үш елде мемлекеттік сапарда болады.

Си Цзиньпиннің сапарында бірге баратындар: Төраға Си Цзиньпиннің жұбайы Пэн Лиюань, Қытай Коммунистік Партиясы Саяси Бюросы тұрақты комитетінің мүшесі және ҚКП Орталық Комитеті бас кеңсесінің директоры Цай Ци, Қытай Коммунистік Партиясы Саяси бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И және т.б.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото