Қызмет көрсетудің импорт-экспортының жалпы көлемі бірінші тоқсанда 14,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 мамыр

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің жақында Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес: осы жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың қызмет көрсету саласы қарқынды дамып, қызмет көрсетудің импорты мен экспортының жалпы көлемі 1816,74 миллиард юань болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға өсті.

Ғылымды қажетсінетін қызмет көрсету саудасы үздіксіз өсіп келеді. Бірінші тоқсанда ғылым саласындағы қызмет көрсетудің импорты мен экспорты 733,26 миллиард юаньды құрап, 5,6%-ға өсті. Оның ішінде ғылым саласының экспорты 427,37 млрд юаньды құрап, 2,8%-ға жоғарылады. Ең жылдам дамып келе жатқан салалар зияткерлік меншікті пайдалану төлемі, жеке мәдениет және ойын-сауық саласындағы қызмет көрсету болды. Олардың өсімі сәйкесінше 34,4% және 19%-ға жетті; ғылымды қажет ететін қызметтердің импорты 305,89 миллиард юаньды құрап, 9,6%-ға ұлғайды. Ал ең шапшаң дамып келе жатқан салалар: жеке мәдениет және ойын-сауық, сондай-ақ басқа да коммерциялық қызмет көрсету болды. Олар сәйкесінше 66% және 15,2% - ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото