- Барлық ақпарат
Қытай мен Франция мемлекет басшылары бір-біріне Олимпиада алауын тарту етті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 мамыр
7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 6 мамырда түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция Президенті Эммануэль Макронмен Париждегі Елисей сарайында келіссөздер жүргізді. Келіссөз басталар алдында екі елдің мемлекет басшылары және олардың жұбайы бір-біріне сыйлықтар ұсынды, олардың ішінде үш Олимпиада алауы ерекше назар аударарлық.
Төраға Си Цзиньпин Президент Макронға Бейжіңдегі қос Олимпиада алауын сыйға тартты, ал Президент Макрон ҚХР Төрағасын Париж Олимпиадасының алауымен марапаттады.
Бейжіңде 2008 жылғы Жазғы Олимпиада және 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары өткен болатын, ал Парижде осы жылдың шілдесінен тамызына дейін 33-ші Жазғы Олимпиада ойындары өтеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online