Шыңжаңға туризм қызу жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ауа-райы жылынған сайын Шыңжаңда шетелге бару туризмі арта түсті. 1 мамыр мерекесі кезінде Шыңжаңдағы туристік агенттіктің басшысы Гао Цзянхуэй WeChat әлеуметтік желісінде өзінің туристік агенттігінің «Шыңжаң + Орталық Азия» туристік желісі туралы хабарлама жариялады.

Сол мезетте Шыңжаңдағы басқа екі туристік агенттік ұйымдастырған 40 адамнан тұратын туристік топ 13 жеке көлікпен Қазақстанда экзотикалық әдет-ғұрыптарды тамашалап жүрген еді.

Шетелге шығу туризмі қарқынды дамумен бірге, Шыңжаңға кіру туризмі де айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Тиісті ведомстволардың статистикасы Шыңжаңға қаңтардан наурызға дейін 869 100 турист келгенін және халықаралық туризмнен 5594 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс түскенін көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 421,49%-ға және 353,77%-ға өскен.

Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және басқа елдер арасында визасыз алмасуды жүзеге асырғаннан кейін, сондай-ақ Үрімжіден Орталық Азия елдеріне тікелей рейстердің көбеюіне орай, Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағы болып табылатын Қытайдың Шыңжаңымен Қазақстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдері арасындағы туристік алмасулар жиілей түсті.

Жергілікті тағамдардың дәмін тату, сауда алаңдарын аралау, мәдени мұраларды тамашалау... Үрімжі қаласында орналасқан Шыңжаң Халықаралық Үлкен базар жандана түсті. Бұл жерден шетелдік туристерді жиі кездестіруге болады. 8 елмен шектесетін географиялық артықшылық Шыңжаңның трансшекаралық туризм мен шекара маңындағы туризмді дамыту болашағын айқын көрсетті. Кедендік рәсімдеудің ыңғайлы шарттары мен ойластырылған трансшекаралық туристік қызметтер көптеген адамдарға 1 мамырда трансшекаралық туризм және сауда тәжірибесін таңдауға мүмкіндік берді.

Статистика көрсеткендей, Шыңжаңға келетіндер арасында қазақстандық туристер саны барлық елдер арасында бірінші орында тұр. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 886,75%-ға өсті. Шыңжаңдағы ірі туристік агенттіктер де Қазақстанды Орталық Азиядағы туризмді дамытудың басым бағыты ретінде қарастырады. Автономиялық регионның Мәдениет және туризм басқармасы туристік агенттіктерге Орталық Азия желісіне байланысты жобаларды, маршруттық өнімдерді ұлғайтуға, сапалы қызмет көрсету мен оңтайлы маршруттарды іске қосуға және трансшекаралық туристік нарықтың ашылуын арттыруға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында құрылған Қытайдың Шыңжаң·Орталық Азия Туристік Ынтымақтастық Альянсын автономиялық регионның Туристік Агенттіктер Қауымдастығы бас болып ұйымдастырды. Оны Орталық Азиядағы бес елдің мәдени және туризм индустриясы қауымдастықтары мен кәсіпорындары бірлесіп құрған. Барлық тараптар тығыз байланысып, семинарлар, жарнамалық кездесулер мен сапарлар ұйымдастырады. Сол сияқты трансшекаралық туристік маршруттар мен туристік өнімдер дайындайды. Бұл барлық тараптар арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.

Барған сайын жиілей түскен кіру туризмі Шыңжаңның туристік инфрақұрылымы мен қызметіне жоғары талаптар қойды. Қазіргі Уақытта Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының Мәдениет және туризм департаменті туристік қызметтерді интернационалдандыруға, кіру туризмінің ыңғайлылығын арттыруға қызу кірісіп кетті. Осы ретте тиісті ведомстволармен ынтымақтастық арқылы тұтынушылардың шетелдік банктік карта, онлайн - офлайн төлемдерін қабылдау сияқты шараларды белсенді түрде ілгерілетуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото