- Барлық ақпарат
Болат тақтадан «арнайы» жасалған естелік
8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2024 жылдың 7 мамырында кешке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Белградқа арнайы ұшақпен барып, Сербия Президенті Вучичтің шақыруымен Сербияға мемлекеттік сапарын бастады.
Бұл сапар Си Цзиньпиннің Сербияға сегіз жылдық үзілістен кейінгі екінші сапары және бұл Қытай-Сербия қарым-қатынасын сапалы жаңартудағы маңызды кезең саналады.
2021 жылдың 16 тамызында түсірілген HBIS Group компаниясының Смедерево болат зауыты. (Синьхуа Агенттігінің суреті)
Сербияның солтүстік-шығысында Смедерево деп аталатын шағын қала бар. Бұл шағын қала ғасырлық тарихы бар болат зауытының дәнекер болуымен шалғайдағы Қытай елімен байланысқан болатын.
Бұл ғасырлық болат зауыты Смедерево болат зауыты деп аталады. Бір кездері сондағы жалғыз мемлекеттік болат зауыты болған және «Сербияның мақтанышы» деп аталатын.
Халықаралық нарықтағы бәсекелестік және менеджмент сияқты факторларға байланысты болат зауыты бір кездері жабылуға таяған еді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдағы HBIS Group Сербиядағы Смедерево болат зауытын сатып алып, зауыттың мыңдаған жұмысшысына үміт сыйлады.
Сол жылдың 19 маусымында Си Цзиньпин өзінің сапары кезінде Сербиядағы HBIS Group компаниясының Смедерево болат зауытына арнайы барды. Мұнда ол әрбір өнімге байыппен назар салып, технологиялық байланыстар туралы егжей-тегжейлі танысты және өндірістік жағдайды түсіну үшін орталық диспетчерлік бөлмеге шықты.
2016 жылдың маусым айында жұмысшылар Смедерево болат зауытының ескерткіш тақтасын Төраға Си Цзиньпинге ұсынды.
Ризашылықтарын білдіру үшін жұмысшылар өздері өндірген болатпен Смедерево болат зауытының ескерткіш тақтасын арнайы жасап, Төраға Си Цзиньпинге ұсынды.
«Біз уәде еткен ісімізді, соның ішінде озық технологияларды енгізуді, нарықты кеңірек дамытуды, жергілікті жұмыспен қамтуды қорғау және халықтың өмір сүру игілігін қамтамасыз етуді сөзсіз орындауымыз керек». Си Цзиньпиннің болат зауытындағы осы сөзі аяқталмай жатып, ду қол шапалақ үні жаңғырды.
2016 жылдың 19 маусымында Си Цзиньпин Сербиядағы HBIS Group компаниясының Смедерево болат зауытына арнайы барып, жұмысшылармен сыр шертісті. (Синьхуа Агенттігінің суреті)
HBIS Group компаниясының Сербиядағы Смедерево болат зауытының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жүйелік трансформациясын жүзеге асыру үшін Қытайдан Смедеревоға техникалық маман таңдап жіберілді, сондай-ақ Сербия тарапының басқару тобы мен өндірістік техникалық маманы тәжірибе алмасу және үйрену үшін HBIS Group компаниясына шақырды.... 2016 жылдан бастап HBIS Group компаниясының Сербиядағы Смедерево болат зауыты шамамен 4,77 миллиард еуро көлемінде жиынтық экспорттық кіріске қол жеткізді және көптеген жылдар бойы Сербиядағы ең ірі экспорттық кәсіпорынға айналды. 2023 жылы болат зауыты осы аймақ үшін 795 миллион еуро көлемінде өнім шығарады, бұл сол жылы Сербияның ЖІӨ-нің 1,15% құрады.
«Болат зауыты қалаға бақыт әкелді». HBIS Group компаниясының Сербиядағы Смедерево болат зауытының жақсы дамуы Қытай мен Сербия арасындағы «Бір белдеу, бір жолды» сапалы құрудың жарқын тәжірибесі, сонымен қатар бұл екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың сәтті мысалы болып есептеледі.
«Болат зауытының жұмысшылары Қытай мен Сербия арасындағы достық ынтымақтастықтың қатысушылары, куәгерлері, үлескерлері және пайдасын көрушілері болып табылады». 2024 жылдың 29 сәуірінде Си Цзиньпин HBIS Group Cмедерево болат зауытының сербиялық қызметкерлеріне берген жауабында мынаны атап өтті: «Өз жұмыстарыңызды шын жүректен жалғастырып, болат зауытын жүргізуге және дамытуға бар ынтамен кірісіп, Сербияның экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ Қытай-Сербия болаттай достығын нығайтуға жаңа және үлкен үлес қосасыздар деп үміттенемін».
people.cn © People's Daily Online