Алғашқы төрт айда Қытайдың сыртқы сауда көлемі 5,7% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 мамыр

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 9 мамырда Бас Кеден Басқармасы алғашқы төрт айда Қытайдың тауар импорты мен экспорты саудасының жалпы құны 13,81 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өскенін көрсететін деректерді жариялады. Олардың ішінде экспорт 7,81 трлн юаньды құрап, 4,9% - ға өсті; импорт 6 трлн юаньды құрап, 6,8% - ға ұлғайды.

Алғашқы төрт айда Қытай зерттеп әзірлеген және Қытайда жасалған кемелер, электромобильдер және құрылыс машиналары сияқты өнімдерге халықаралық нарықтағы сұраныс артты. Экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108%-ға, 28.3%-ға, 16.2%-ға өсті.

Сонымен қатар, нарық тұрғысынан алғанда, алғашқы төрт айда Қытайдың АСЕАН, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да елдер нарығындағы импорты мен экспорты оң өсімге қол жеткізді. Дамушы нарықтағы импорт пен экспорт та жақсарып келеді. Осы кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салған елдерге импорты мен экспортының жалпы көлемі 6,54 трлн юаньды құрап, 6,4% - ға өсті.

Латын Америкасы, Африка және Орталық Азияның бес елі сияқты дамушы нарықтағы импорт пен экспорт сәйкесінше 11%-ға, 7.7%-ға, 17.9%-ға жоғарылады.

Қытай 2024 жылы ЖІӨ-нің шамамен 5%-дық өсуін межеледі. Биліктегілер мен сарапшылар Қытайдың қуатты экономикалық негізі мен қолайлы макроэкономикалық саясатын ескеріп, бұл мақсатқа қол жеткізудің мүмкін екендігіне сенім білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото