Қытай жеңіл автокөліктерінің нарықтағы үлесі 60%-ға жетеді деп күтіліп отыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 мамыр

Қытайдың автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы жариялаған деректер 2021 жылдан бастап Қытай маркасының жеңіл автокөліктерінің нарықтағы үлесі соңғы үш жылда өскенін көрсетеді.

2021 жылы Қытай маркасының жеңіл автокөліктерінің 9,543 миллион данасы сатылып, нарықтағы үлесі 44,4% болды.

2022 жылы Қытай маркасының жеңіл автокөліктерінің 11,766 миллион данасы сатылып, нарықтағы үлесі 49,9% құрады.

2023 жылы Қытай маркасының жеңіл автокөліктерінің 14,596 миллион данасы сатылып, нарықтағы үлесі 56%-ға жетті.

Биылдың алғашқы төрт айында Қытай маркасының жеңіл автокөліктерінің сатылымы 4,6 миллионнан асты, нарықтағы үлесі 60%-ға жетеді деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото