- Барлық ақпарат
«Си Цзиньпиннің Қытай стиліндегі модернизация туралы баяндамаларының үзінділері» орыс тілінде жарық көрді
16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің партия тарихы және әдебиеті институты аударған «Си Цзиньпиннің Қытай стиліндегі модернизация туралы баяндамаларының үзінділері» кітабының орысша нұсқасын жақында Орталық жинақ баспасы басып шығарды. Ол ел ішінде және шетелде таратылады.
«Си Цзиньпиннің Қытай стиліндегі модернизация туралы баяндамаларының үзінділері» Си Цзиньпин жолдастың 2012 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қазанына дейін Қытай стиліндегі модернизация туралы жариялаған бірқатар маңызды баяндамасын қамтиды. Кітаптың орысша нұсқасы және бұрын жарық көрген ағылшын және француз тілдеріндегі нұсқалары шетелдік оқырмандарға Қытай стиліндегі модернизацияның теориялық жүйесі мен практикалық жолын терең түсінуге көмектеседі.
people.cn © People's Daily Online