Хэнань өлкесі Аньян қаласы: «Инь және Шанның ежелгі астанасы» «ұшатын қалаға» айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Хэнаньнің Аньян қаласында жазда құстар сайрап, шалғындар жайқалып көктейді. Бұл шағын қала тыныштыққа мүлгумен бірге тереңдік пен айбындылық танытады.

Аньян - әйгілі ұлттық тарихи-мәдени қала және Қытайдың ежелгі сегіз астанасының бірі. Бұл сауыт сүйек жазуының мекені және «Чжуйдің» шыққан жері. Оның бай мәдени мұрасы және мәйекті мәдени қоры бар. Мыңдаған жылдарды өткерген бұл қала әр кезеңде өзінің ерекше тартымдылығын қалыптастырды. 3000 жылдан астам уақыт бұрынғы Инь және Шань мәдениеті бүгінге дейін жалғасып, Хунци каналының рухы ұзақ уақыт бойы сақталып келеді, ал төмен биіктіктегі экономика мықты қала салудың жаңа қозғалтқышына айналды.

Жақында Онлайн «Халық Газетінің» тілшілер тобы Аньянға барып, өміршеңдікке толы ежелгі астананың ғаламаттығын сезінді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото