- Барлық ақпарат
Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 мамыр
19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды Иранның Irna агенттігі.
Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады.
Тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.
Осыған байланысты Ислам республикасының үкіметі жақын арада тиісті мәлімдеме жасайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online