Жүгірумен «еңбек сұлулығына» құрмет көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық жұмысшылар одағы (Қытай Коммунистік Партиясы басқаратын жұмысшылар еркімен біріккен жұмысшы табының ұйымы)мамырдан желтоқсанға дейін Ұлттық жұмысшылар марафонының алғашқы сериясын бастады. Іс-шара жұмысшылар одағы мен жұмысшылардың ерекшеліктерін көрсетеді. Марафон сериясын жылына 3 жерде өткізу жоспарлануда, жалпы көлемі шамамен 60 000 адамға жетеді. 19 мамырда қала жұмысшыларының алғашқы аялдамасы Шаньдун өлкесінің Рэжао қаласында марафон (жартылай марафон) басталды.

Іс-шараны Ұлттық жұмысшылар одағы және Қытай жұмысшыларының халықаралық туристік қызметінің бас басқармасы мен Рэжао қаласының халық үкіметі ұйымдастырды. Рэжаоға елдің түкпір-түкпірінен және барлық саладан 15000-ға жуық жұмысшылар мен спортшылар жиналды.

Марафон үш іс-шараны қамтиды: жартылай марафон, ерекше жетекші жүгіру және салауатты жүгіру.

Жарыс өтетін жерде қоғамның барлық саласындағы жұмысшылар мен белгілі қайраткерлерден құралған жетекші жүгіру командасы жұрттың назарын аударды. Ұлттық еңбек озаттары Цзя Тинбо, Ван Цзюнь, Цю Ваньцун, ұлттық 1 мамырдағы еңбек медалінің иегерлері Чжан Нианьли мен Ли Яцзюнь, ұлттық озық жұмысшы Чжан Нианьхуа, ұлттық техникалық сарапшы Пэн Чэнминь және басқа да көрнекті еңбек өкілдері іс-шара алаңында бой көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото