Рэжаода Бірінші ұлттық жұмысшылар марафоны сериясы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытай арманы·Еңбек сұлулығы - жақсы болашаққа ұмтылу» тақырыбымен 2024 жылғы Ұлттық жұмысшылар марафоны сериясы (Рэжао жартылай марафоны) 19 мамырда басталды. Шаньдунның Рэжао қаласында елдің түкпір-түкпірінен және қоғамның барлық саласынан 15000-нан астам қатысушы жиналды.

2024 жылғы Ұлттық жұмысшылар марафон сериясында (Рэжао жартылай марафон станциясы) үш жарыс түрі өтеді. Олар: жартылай марафон (21,0975 шақырым), ерекше жетекші жүгіру (6,6 шақырым) және салауатты жүгіру (2,5 шақырым).

Олардың ішінде ерекше жетекші жүгіру еңбекшілер мен қоғамның барлық саласындағы үлгілі қайраткерлерден құралған 6000 адамнан құрам тапқан. Соның ішінде ұлттық үлгі жұмысшысы Цзя Тинбодан, ұлттық озық жұмысшы Чжан Нианьхуадан, 1 мамырдағы ұлттық еңбек медалінің иегері Чжан Нианьлиден, Шаньдун өлкесінің озық жұмысшысы Чжан Ланьсян, Шаньдун өлкесінің 1 мамырдағы еңбек медалінің иегері Цинь Юхуа мен Мэн Линсинь, сондай-ақ Рэжао қаласының үлгілі жұмысшылары және басқа да көрнекті жұмысшылардан құрам тапқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото