Қытайдағы қазақ малшыларының көшпенді өмірі туралы фильм Қазақстанда жарық көреді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 мамыр

Қытайдағы көшпенді қазақтардың өмірі туралы «Өмір ағысында (Fade Away Pastoral)» фильмі Қазақстанда прокатқа шығады деп жазды ҚазАқпарат.

Кino.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, фильм 30 мамыр күні көрсетіле бастайды.

Мәліметтерге сәйкес, «Өмір ағысында» фильмі Little Monster Entertainment медиа компаниясының қолдауымен, Еуропадағы арнайы көрсетілімін бастаған болатын.

Айта кетерлігі, «Өмір ағысында» фильмі 2018 жылы Қытайда алғаш көрсетіліп, 2019 жылы 12 сәуірде прокатқа шыққан. «Үздік кинематография», «Үздік туынды», «Үздік ер актер» және «Үздік ауыл тақырыбындағы фильм» номинацияларын жеңіп алған.

Фильм ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан Қытайдағы қазақтарының көшпенді өмірін тақырып етіп, олардың соңғы 40 жылдағы тіршілігіндегі өзгерістерді, шынайы деректерді және жартылай сюжеттік әдісті пайдалана отырып суреттейді.

Сондай-ақ, жылдың төрт мезгілінің ауысуы прозалық баяндау мен поэтикалық кино тілі арқылы, малшылардың қуанышы мен мұңын айшықтап, көрерменге табиғаттың әсем көрінісін ұсынады.

Фильмнің басты және қосымша рөлдерін дерлік қазақ актерлер сомдаған.

Ал 4 жылға созылған түсірілімге 10 мыңға жуық қарапайым қазақ тұрғындар қатысып, 300 мыңға жуық мал пайдаланылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото