- Барлық ақпарат
Астана - Үрімжі бағытындағы рейс саны артып келеді
ҚР Көлік министрлігі халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.
2024 жылғы 30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімжі бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.
Осылайша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды. Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.
Бұған дейін Ақтөбе-Үрімжі бағытында жүк тасымалдайтын әуе рейсі іске қосылғанын жазған болатынбыз.
people.cn © People's Daily Online